Яндекс.Метрика
Главная » Электронный журнал «edu.e-history.kz» » Макро- и Микроистория

Макро- и Микроистория

Түркістан қаласының тарихында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезі ерекше кезеңнің бірі болып табылады. Бұл кезеңде Түркістан қаласын патшалық Ресей жаулап алып, онда өзінің отаршылдық саясатын жүргізуімен ерекшеленеді. Сондай-ақ сол тарихи дәуірде қазақ халқының арасында отарлық тәуелділікке деген наразылықтың қарқын алуында Түркістан қаласы да өзіндік маңызға ие болды. Оның мұндай маңыздылығы 1917-1918 жылдардағы әлеуметтік-саяси үдерістер кезінде айқын сезілді. Патшалық Ресейдің Түркістан қаласын жаулап алуын, онда өзінің отарлық билік жүйесін құруы және отаршылдыққа қарсыластықтағы Түркістан қаласының орны отандық тарих ғылымында арнайы зерттелген емес. Сондықтан да бұл мәселені қарастыру өзіндік ғылыми маңызға ие деп санауға болады.
В статье рассматриваются методологические проблемы изучения истории тюркской цивилизации. Анализируются понятия тюркской цивилизации, формационного и цивилизационного подхода к историческим исследованиям. Освещаются вопросы хронологии тюркской цивилизации в отечественной и зарубежной историографии.
В статье анализируются понятие национальной идентичности и ее современное состояние в Республике Казахстан. Для этого раскрываются проблемы становления и развития национальной идентичности казахского народа, а также указывается на особую роль политики правительства Казахстана в возрождении национального сознания.
Ерте ортағасырлық дәуірде тарих сахнасына көтерілген түркілердің діни жүйесі олардың тұрмыс-тіршілігіне және қоршаған ортасына сәйкес қалыптасып, өзіндік ерекше құбылыс ретінде көрініс тапты. Оларда табиғат культі басымдық танытып, көне түріктер жер-суға, көкке табынып, аң-жауарларды осы тылсым күшпен байланыстырушы буын ретінде қарастырды. Бұл өз кезегінде көне түріктер арасында көк бөрі культін қалыптастырды. Сондай-ақ көне түріктер аң-жауарларды әруақтардың көрінісіне балап, олардың киелі санады. Мұның өзі көне түріктердің қоршаған ортамен, табиғатпен үйлесімділік табатын өзіндік дүниетанымына негіз қалап, оларда тәңіршілдіктің орнығуына алып келді. Тәңіршілдіктің қалыптасуы көне түріктерге дейінгі ғұндар дәуірінен,тіпті одан ертерек дәуірденбастау алады. Бірақ осы көне түріктер дәуірінде бұқаралық сипат алды. Сондықтан да мақалада тәңіршілдіктің көне түріктер арасындағы орнын талдау жәнеондағы сабақтастықты зерделеуге ерекше мән беріледі. Түйін сөздер: дін, тәңіршілдік, Құдай, культ, Ұмай.
В статье дается анализ особенностей генеалогической группы «қожа» в составе казахов. Автор рассматривает вопросы происхождения, расселения указанной группы на территории Казахстана, в частности, в западных, южных и юго-восточных районах страны. Также обращается внимание и общественный и социальный статус «қожа» в казахском обществе, статус в положениях обычного права.
Соғыстан кейінгі жылдары республикада орыс тілін өмірдің барлық саласына жан-жақты енгізуге партия, үкімет тарапынан айрықша көңіл бөлініп, есесіне қазақ тілін оқыту мектептерде нашарлай бастағанын ерекше атап өту маңызды. Жалпы, патша өкіметі немесе Кеңес Одағы билігі кезінде ұлттық тілдерді әлсіретудің және қоғамды орыстандырудың ең ықпалды құралы білім беру мекемелерінің болғандығы белгілі. Тіл мәселесі бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде өзінің өзектілігін сақтап қалып отыр. Ұзақ уақытты қамтыған қазақ тіліне деген отарлық саясат өз зардаптарын тигізіп бағуда.