Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, кеңестік кезеңдегі оқу-ағарту саласында жоғары лауазымды қызметтер атқарған білгір басшы, химик-ғалым, ұлағатты ұстаз, педагог Қали Біләлов (1918-1977) Қазақстандағы білім ісін ұтымды ұйымдастырып, ел құрметіне бөленген, ұрпақтар алғысын алып, республика тарихында ұмытпастай із қалдырған алаш азаматы ретінде жұртшылық оның есімін жақсы біледі.
Өзінің бүкіл саналы өмірін жас ұрпаққа білім беру ісіне арнаған қажырлы ұстаз, педагог Қали Біләлов әсіресе, еліміздің жоғары білім саласында көп еңбек сіңір¬ген белгілі мемлекет қайраткері ретінде кеңінен танылды. Білікті басшының зор ұйымдастырушылық қызметінің нәтижесінде Қазақстан өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары жоғары білім бе¬ру жөнінде бұрынғы Кеңес Одағы одақтас республикалары арасында алдыңғы орын¬дардың біріне көтерілді. Ол Қазақ КСР-інің жоғары және арнаулы орта білім министрі болған жылдарда республикамыздағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқу-материалдық жағдайын жақсарту, оларды педагогикалық ғылыми кадрлармен қамтамасыз ету және оқытушылардың біліктіліктерін жетілдіру бағытында бірқатар оң шешімдер қабылданып, жүзеге асырылды, жаңа мамандықтарды оқытуға бағытталған бірнеше институттар ашылып, жергілікті ұлттық Түйін сөздер: тарих, оқу, жоғары білім, ғылым, академия, институт, педагог, студент, маман