Автор бұл мақаласында Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі және алғашқы қазақ ханы – Керей ханның қазақ тарихындағы алатын орны мен атқарған рөлін қарастырады. Керей ханның өміріне қатысты жазба дерек мәліметтері мен халық ауыз әдебиетінің материалдарын бір-бірімен салыстыру, толықтыру сондай-ақ тарихнамалық материалдар арқылы, автор Керей хан тақырыбына қатысты бірнеше мәселелерге жауап береді. Олардың қатарына – Керей сөзінің мәні, қазақ хандарының шығу тегі мәселесі, Керей ханның ата-бабалары, Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағының этносаяси мәселелері, хандықтың құрылу процесі барысындағы Керей ханның жетекшілік рөлі мәселелері жатады. Керей ханның алғашқы хан болғандығы жазба дерек мәліметтері негізінде дәлелденеді.
Түйін сөздер: Керей хан, Жәнібек хан, Әбілқайыр хан, Дешті Қыпшақ, Моғолстан, Мауереннахр.