Яндекс.Метрика
Home » Electronic magazine "edu.e-history.kz" » Research works of  young scientists

Research works of  young scientists

Мақалада қазақ әдебиетіндегі үнді тақырыбының ежелгі дәстүрлерімен әдебиетаралық байланыстар орнатудың ішкі заңдылықтарын ашып, екі халық әдебиетінің типологиялық ортақтығы мен өзгешелігін, сонымен қатар көркем аударма ерекшеліктері мен қазақ-үнді әдебиеттерінің ерекше аспектілері анықталады. Екі жақты әдеби байланысты зерттеу қазақ әдебиетіндегі үнді тақырыбын тереңірек аша түседі.
Мақалада Талдықорған қаласы өңірінде б.з.д І мыңжылдықта тарих сахнасында айрықша орын алған ерте көшпелілер мәдениетінің маңызы мен ерекшеліктері жайында баяндалған. Автор ерте темір дәуірінің жерлеу-ғұрыптық кешендеріне тоқтала келіп, соның ішінде Дауылбай қорымында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының барысы мен нәтижелерін ұсынып отыр. Дәлірек айтқанда мақалада Дауылбай І қорымындағы №1, Дауылбай ІІ қорымындағы №1 обалардағы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарымен таныса келе, фото суреттер мен сызбалар арқылы толық мәлімет алуға болады. Сонымен қатар ғылыми жұмыста аталған қорымның толықтай, кешенді зерттеуді қажет ететіндігі және қандай себептерге байланысты екендігі айқындалып көрсетілген.
В данной статье рассматривается, как китайские традиционные верования служили ключевым элементом раннего развития китайской государственной системы и влияние основ конфуцианства на формирование и развитие особых взаимоотношений Китая с соседями. В статье также проанализированы особенности характера международных отношений различных исторических, политических и социально-экономических этапов развития с момента создания Китайской Народной Республики с 1949 года. В последней части статьи рассматриваются многогранные связи между Казахстаном и Китаем, включая Шанхайскую организацию сотрудничества и торгово-экономические связи.
Аталған мақалада ұлт қайраткері Әлихан Бөкейханның Щербина экспедициясы (1897-1903 ж.ж.) кезіндегі Алтыбай болысы қазақтары туралы жазған этнографиялық еңбектері талданады. Онда Алтыбай болысы сол кездегі халықтырының географиялық оналасуы, тұрмыс тіршілігін зерттеуге алынып, сипатталған. Атап айтқанда, болыстардың орналасу тарихы, халықтың қыстаудан жайлауға көшуі, жайлаудан қайта қыстауға көшуі және шыңырау құдықтар туралы айтылады.
Алтын Ордадағы ислам дінінің кең қанат жаюы Дешті-Қыпшақтағы саяси және мәдени өмірге тікелей ықпал етті. Бұл Жошы Ұлысындағы ханафилік мазхабтың жетекші құқықтық жүйеге айналғандығын көрсетті. Яғни, ислам дінін қабылдаған Алтын Орда хандары елдегі құқықтық жүйені шариғат жолымен шешуді жөн көріп, қадилардың (қазыларды) қолына заңдық-құқықтық жүйені тапсырды. Бұл шариғат заңдары Жошы ұлысында ханафилік мектептің қағидалары бойынша жүргізіліп, сол кездегі көшпелілер арасында исламды қарқынды насихаттаған сопылардың да шариғи мәселелерде әбу Ханифа мектебіне жүгінгендігімен түсіндіріледі. Дешті Қыпшақтағы бұл үрдістер фикһ мәселесінде үлкен ғалымдардың шығуына негіз болды. Яғни Орта Азиядағы діни үрдістердің дамып өркендеуіне ханафилік мазхабтың қосқан үлесі зор болды. Бұл тек білім мен мәдениет емес, сондай-ақ қала өркениеті, сауда, архитектуралық ескерткіштердің де дамуынан көрініс тапты. Алтын Ордадағы ханафи мазхабының жетекші мектепке айналуы елді-мекендерде мешіт-медресселер мен керуен сарайлардың пайда болып, ұлыстар арасындағы мәдени алмасулар үрдісіне алып келді. Кілт сөздер. Алтын Орда, ислам, ханафи, мазхаб, мәдениет, үрдіс, медрессе, сопылық, фикһ.
Ғылыми мақалада Бөкей Ордасындағы қазақ сұлтандарының күнделікті өмірі қарастырылады. Бұрынғы Бөкей Ордасына қатысты зерттеулерден бұл мақаланың басты ерекшелігі, сұлтандардың отбасы, олардың Хан Ордасында тұрақты үйлер салуы және оның ішкі құрылысы, күнделікті өмірде олардың киген киімдері, ер, әйел адамдардың әшекейлі заттары, қару-жарақ түрлері, мешіт салдыруы, қажылыққа баруы, бәйгеге қызығушылық танытқан сұлтандарға қатысты мәліметтердің архив деректерімен дәйектелуі мен күнделікті тарих теориясына негізделуінде.
Мақала «Үлфәт» газетін бірінші орыс революциясы тұсындағы түркі халықтарының қоғамдық-саяси өмірін зерттеудегі деректік маңызын көрсетуге арналған. «Үлфәт» газеті 1905 – 1907 жылдары Санкт-Петербург қаласында жарық көріп тұрған. Оның редакторы қызметін көрнекті татар қайраткері Абдурашид Ибрагимов атқарған. Бұл басылымда негізінен сол тарихи кезеңдегі Ресей империясындағы түркі тілдес халықтардың әлеуметтік-саяси мәселелрі көтерілген.