Мақалада жаңа заман дәуірінде қазақ халқының құрамына кірген субэтникалық топтар ХІХ ғ. соңы – ХХ ғасырдың басындағы статистикалық материалдар негізінде талданады. Қазақ тарихын жан-жақты зерттеу, соның ішінде тарихи кезеңдерге сәйкес қазақтың құрамына енген субэтникалық топтарды анықтау қазақстандық тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі. Қазақ өлкесі халқының құрамындағы өзгерістерді анықтауда негізгі дерек болып табылатын 1897 ж. санақтың материалдары мен басқа да статистикалық мәліметтерді талдаған зерттеулерде қазақтар тұтастандырылып, «қырғыз» атауымен берілді. Ал, қазақтың құрамына кірген субэтникалық топтардың пайда болуы мен олардың сандық құрамы мен тарихын арнайы зерттелмеді. Сондықтан, мақалада Қазақстандағы субэтникалық топтарды статистикалық материалдар негізінде зерттеу көзделді. Дерек ретінде 1870 ж. ревизия, 1897 ж. Жалпы ресейлік 1 халық санағы, Ф.А. Щербин экспедициясының негізінде дайындалған «МКЗ – қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары» статистикалық жинақтары, Румянцев, Кузнецов, Скрыплев және т.б. экспедициялардың материалдары негізінде дайындалған жинақтар, статистикалық деректері мол «Облыстық шолуларда» (Обзоры областей) кездесетін мәліметтер пайдаланылды.
Кілт сөздер. Қазақстан, Ресей империясы, қазақтар, субэтникалық топтар, халық санағы, статистика, шалақазақтар, ноғайлар, қырғыздар, сарттар, Щербин экспедициясы, МКЗ.