Яндекс.Метрика
Главная » Электронный журнал «edu.e-history.kz» » Макро- и Микроистория

Макро- и Микроистория

Мақалада қазақ ұлтының мақтанышы, қазақ әдебиетінің ірі өкілі, ұлт жанашыры, Алматы қаласындағы мектептерде алғаш қазақ сыныптарының ашылуына зор еңбегін тигізген, сатира, ирония, фельетон жанрында кеңінен шығармаларды мұра етіп қалдырған Шона Смаханұлының еңбегі мен ерлігі туралы кеңінен айтылады. Сонымен қатар Шона Смаханұлының еңбегін зерттеу барысында ол жайлы ғалымдар мен зиялы қауымның пікірлері мен жоғары баға бергендері туралы айтылады. Шоқ тілді Шона атамыздың шығармаларының басым көпшілігі – сатиралық шығармалар. Дәлелді-деректі фельетондары, қысқа-нұсқа тапқырлық пен ұтымды тұстар Шона Смаханұлы шығармаларының басты мазмұнын құрайды. Жас ұрпақтың келешегі үшін жасаған ерлікке бергісіз еңбегі Алматыдан асып, ауылдарға еркін жетті. Ата тарихқа, Ана тіліне жауапкершілігі мен жанкештілігі жоғары болған Шона қазақ елінің ертеңіне қатты алаңдады. Аталмыш мақалада ұлт жанашырының ерлігі, қазақ мектептерін дамытудағы идеялары мен ұсыныстары кеңінен тарқатылып айтылады.
Бұл мақалада авторлар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен қызметіне байланысты мәселелерді қарастырды, мысалы оның өмір жолдары, шығармашылығы, философиялық көзқарастары зерттеу нысанына айналды. Дәлірек айтқанда, Сайрам шаһарында дүние бесігін ашқан дара тұлғаның Арыстан баб, Хамадани сынды мәшһүр ғұламалардан білім алып, сол ілімді қоғамның рухани баюына шебер пайдалануы өзекті болып отыр. Дарындылығы мен еңбекқорлығының жемісі ретінде Ясауи Орта Азия мен Қазақ елінде исламды тарату мен кемелдендіруге сүбелі үлес қосты. «Диуани Хикмет» атты даналық жинағында өмірдің мәні мен маңызы, ақырет пен ақырзаман, исламның шариғи заңдары мен парыздары, Мұхаммед Мұстафа пайғамбарымыздың (Аллахтың оған сәлемі мен игілігі болсын) сүнет жолы және т.б. мәселелерді зерттеуге тырысты. Әрине, фәлсапалық сарында жазылған шығармалардың барлығына шынайы деп баға бере алмасақ та Құран-кәрімнің сүрелері мен аяттарын мысал ретінде қосып, жазылған еңбектің шынайылық деңгейі мен ғылыми құндылығын арттырған болатын.
Бұл мақалада Түрік қағанаты кезеңіндегі түріктердің Ұлы далада орнатқан басқару жүйесінің ерекшеліктері сипатталған. Аталған мәселе Л.Н.Гумилевтің «Көне түріктер» және Н.Я.Бичуриннің еңбектеріндегі мәліметтер негізінде қарастырылады. Мақалада түріктердің қағанаттағы ішкі талас-тартыстарға тосқауыл жасау үшін жаңа басқару жүйесіне үлкен сенім артып, оны тиімді пайдалану жолдарын іздестіргені айқындалған. Мақаланың негізгі ерекшелігі – түріктік басқару басқару жүйесі сипаттала отырып, оның қолданылу барысы, жетістіктері мен олқылықтарының ашық көрсетілуінде. Түйін сөздер: түрік, Л.Н.Гумилев, қағанат, еншілік-таспиқтық жүйе, Мұқан қаған.
Түйіндеме. Мақалада Алматы қаласы мен оның маңындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен дамуын 4 кезеңге бөліп қарастырған. Археолог-ғалымдардың қазба жұмыстары барысында табылған заттай деректер, нунизматикалық мәліметтер және жазба деректер негізінде пікір талас тудырып жүрген қала жасының анықталуына талдау жасалған. Ресейдің отарлау саясатын жүргізу салдарынан 1854 ж. салынған (Верный) әскери бекінісіне 1867 ж. қала мәртебесінің берілуі, қаланың Қазақстан астанасы мәртебесі 1927-1997 жж. кезіндегі сәулет ескерткіштер құрылысының салынуы қамтылған. Мақалада, қаланың салыну тарихындағы кеңестік кезеңдегі бұрмалаушылықтар мен ақтаңдақтарға тоқталған. Қаланың бірнеше рет табиғат апатына ұшырап, жер сілкінісінен аман қалған ғасырлық тарихы бар және бүгінгі сәулеттік үлгіде салынған ғимараттардың ерекшеліктері талданған. Алматы қаласының бүгінде Қазақстанның ең көрікті, саяси ғылыми және техникалық орталығына айналып дүниежүзі назарын өзіне аударатын, өзіндік архитектуралық ерекшелігі бар нысанаға айналу тарихы қарастырылған. Кілт сөздер: қала, отарлау саясаты, тарихи ескерткіш, сәулетші
Түйін Дәстүрлі қазақ қоғамына Ресей патша үкіметі тарапынан XVIII ғ. 40 жылдарында жаңғыртылып қайта енгізілген болатын. Тақырыптың зерттелу тарихнамасын хронологиялық түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші, патша өкіметі кезеңі (XVIII ғ. - 1917 ж.), екінші, кеңес өкіметі тұсы (1917-1991 жж), үшінші кезең Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кезеңі (1991 ж. - қазіргі уақытқа дейін). Бірінші кезең, патша өкіметінің тапсырысы бойынша қазақ халқының ұлттық тарихы мен қоғамдық тұрмыс тіршілігін, дәстүрлі шаруашылығын жан-жақты зерттеуге арналған. Қазақ қоғамын зерттеу жұмыстарына патша үкіметінің әскери қызметкерлері мен шенеуніктері тартылды. Өйткені отарланатын елді жан-жақты зерттеу арқылы білу Ресей патша әкімшілігінің басты стратегиялық бағыттарының бірі болды. Сондықтан да қазақ халқының тарихын, дәстүрлі қоғамдық құрылым жүйесін, дәстүрлі шаруашылық жағдайын, этнографиясын, алғашқы болып зерттегендер қатары – ресми мәртебесі бар әскери және азаматтық әкімшілік шенеуніктер болды. Мақала авторлары ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихына қатысты Ресей патша өкіметі кезеңіндегі (XVIII ғ. - 1917 ж.) патша үкіметінің шенеуніктері мен әскерилерінің және батыс еуропа саяхатшыларының тарихи еңбектерімен жолжазбаларынан жазылған тарихи әдебиеттерге тарихнамалық шолу жасайды.
Бұл мақалада, мемлекеттік суверенитеттің маңызды элементі болып есептелетін, Нидерланды Корольдігі үкіметінің қазіргі заманғы сыртқы саясаты қарастырылған. БҰҰ, Европалық Одақ және НАТО сияқты халықаралық ұйымдарға мүше Нидерланды Корольдігінің сыртқы саясатының халықаралық аренадағы маңыздылығы көрсетілген.