Мақалада 1926 және 1959 жылдар аралығындағы Қазақстанда жүргізілген кеңестендіру саясатының әсерінен өзгерістерге ұшыраған қазақ халқының тарихи демографиялық жағдайларындағы көші-қон мәселелері санақтар мен статистикалық мәліметтерге сүйеніп, мұрағат құжаттарының негізінде және тарихи демографиялық бағытында қарастырылған еңбектер мен ғылыми зерттеулерді қарастыру арқылы жазылған. Сонымен бірге, қазақтардың көші-қон тарихында Қазақстанмен одақтас республикалардың аймақтарына орналасуындағы саны, және шет елдердің аймақтары бойынша шоғырланып, орналасуы жан-жақты демографиялық ғылыми бағытында қарастырылған. Сондай-ақ, зерттеу аралығында қазақ халқының көші-қон үрдістерінен өзінің туған жері Қазақстанда аз ұлтқа айналуы, саны жағынан азайып, ал дүние жүзі бойынша, соның ішінде одақтас республикалар мен шет елдердің аймақтарындағы саны мен үлесінің артуына әсер еткен Қазақстандағы жүргізілген кеңестендіру саясатының нәтижесінен демографиялық апаттарды басынан өткізуі. Соның ішінде, қазақ халқының республикамыздың өзінің ішіндегі немесе басқа елдерге қоныс аударуларына байланысты сыртқы көші-қон тарихы тарихи демографиялық жағынан сандық немесе пайыздық негізде қарастырылып, салыстырмалы тұжырымдар жасалған ғылыми талдаулар арқылы баяндалады.